Арнайы білім беру ұйымдары арасында байқау өтті

Арнайы білім беру ұйымдары арасында байқау өтті

2022 жылдың 17 мамыр күні ҚР Білім және ғылым министрлігі Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының 2022 жылғы 6 сәуірдегі №01-69 хатына сәйкес, республикалық «Арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогы» байқауының  облыстық кезеңі өтті. Педагогтер тұлғасының әлеуметтік-кәсіби ресурстарын, шығармашылық белсенділігін дамыту, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында өткізілген байқауда қатысушылар 3 бағыт бойынша бақтарын сынады. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалап, нәтижесінде төмендегі қатысушылар байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды:

Арнайы мектептің үздік педагогы:

Джамаева Құралай - №2 арнайы жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы:

Біжікен Мөлдір - №2 психологиялық-педагогикалық-медициналық консультациясының педагог-дефектологы;

Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогы:

Абдижамиева Айна – Түпқараған психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің мұғалім-логопеді.

Республикалық кезеңге жолдама алған қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!