«Жазғы кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері» тақырыбында өткізілген семинар ақпараты

«Жазғы кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері» тақырыбында өткізілген семинар ақпараты

Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні Маңғыстау облысының білім басқармасының адамгершілік-рухани тәрбие және өзін өзі тану бөлімінің бас маманы Мамутова Орынгүл Ырзабекқызының қатысуымен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің оқу-әдістемелік орталықтарының  әдіскерлері, мектепшілік лагерь ұйымдастыратын білім беру және қосымша білім беру ұйымдарының жауапты мамандарына арналған «Жазғы кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері»  тақырыбында ZOOM форматында  облыстық семинар өткізілді.

Семинар барысында балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, жазғы кезеңінде олардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде барлық қызметтерді үйлестіру мақсатында әдістемелік көмек беріліп, қатысушылардың пікірлері тыңдалды.

Қорытындысында қатысушылар сапалы және қауіпсіз демалысты қамтамасыз етудің, балаларды сауықтырумен және жұмыспен қамтудың ең үздік тәжірибелерімен бөлісіп, ұсынымдар қабылдады.