«Маңғаз дала мақтанышы» облыстық квест ойындары байқауы

«Маңғаз дала мақтанышы» облыстық квест ойындары байқауы

  «Балалар жылы» және 18 мамыр – Халықаралық музей күні аясында, Маңғыстау ауданы, «Мемориалдық музейінде» жерлес ғалым – зерттеуші С.Қондыбайға арналған «Маңғаз дала мақтанышы» облыстық квест ойындары байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – жас ұрпақ арасында С.Қондыбайдың мұрасын кеңінен таныту, ғылыми тұжырымдамаларының құндылық деңгейінің маңыздылығын насихаттау.

Байқауға 12-14 жас аралығындағы 48 білім алушы қатысты.

Бағдарламаға сәйкес қатысушылар «Маңғыстау кереметтері» номинациясы бойынша экрандағы ұяшықтарды таңдау арқылы С.Қондыбайдың «Маңғыстау-нама» шығармасы желісінде берілетін нысандардың шығу тарихы мен аңыз-әңгімелерін баяндаса, «Үздік мифологиялық комикс» кезеңінде ғалымның мифологиялық шығармаларындағы кейіпкерлерінен авторлық комикс-журналдар ұсынды.

«Интеллект» номинациясында «Есен-Қазақ» шығармасынан берілген (І бөлім. Маңғыстау – Үстірт – жыр мен тарих аясында) түрлі тапсырмаларды орындай отырып, квест кезеңдерінен өтті.

Қазылар алқасының шешімімен:

1. «Маңғыстау кереметтері» номинациясында:

І орын – Сәркенова Әсел мен Меңдіқұлова Ақжүніс, Бейнеу ауданы, М.Бегенов атындағы жалпы білім  беретін мектебінің 7 сынып оқушыларына;

ІІ орын – Сахи Дінмұхаммед пен Махамбет Алима, Ақтау қаласы, С.Қондыбай атындағы №22 атындағы мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары және Биғали Дидар мен Слам Әділет, Маңғыстау ауданы, М.Атымов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7-8  сынып оқушыларына;

ІІІ орын – Аманқос Индира мен Құттыболат Сымбат, Түпқараған ауданы, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатының 7 сынып оқушылары және Сейтходжа Күләш пен Базарбай Айдана, Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушыларына.

«Үздік мифологиялық комикс» номинациясында:

І орын – Аққайыр Ақбота мен Бекқожа Нұршуақ, Ақтау қаласы, Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектебінің 7-8 сынып оқушыларына;

ІІ орын – Толыбек Ақшолпан мен Абылайқызы Адина, Маңғыстау ауданы, М.Атымов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 6-7 сынып оқушылары және Маратов Ерсұлтан мен Мырзағали Ахмет, Білім – Инновация лицейінің 7-8 сынып оқушыларына;

ІІІ орын – Тульбай Фатима мен Бұрқаш Гүлназ, Мұнайлы ауданы, №2 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушылары және Балуанияз Гаухар мен Өтемұрат Ақбота, Түпқараған ауданы, жалпы білім беретін Шахта мектебінің 7 сынып оқушыларына;

«Интеллект» квест ойындары номинациясында:

І орын – Боранова Айнұр мен Оңайбаев Рысбек, Бейнеу ауданы, М.Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушыларына;

ІІ орын – Бердіқожа Кәмшат пен Мнажаддин Ботагөз, Ақтау қаласы, С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының8 сынып оқушылары және Киікбай Жанеркем мен Дариябай Кәусар, Маңғыстау ауданы, Өтес жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушыларына;

ІІІ орын – Тайшыбек Ақырыс пен Қыдырша Ақнұр, Қарақия ауданы, Жалпы білім беретін мектеп - гимназиясының оқушылары және Бауыржан Абзал мен Оңғарбек Жанақ, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің 8 сынып оқушыларына берілді.

Шара соңында қатысушыларға арнап музей қызметкерлері «Серікбол феномені», «Мифология» және «Ғаламның мифтік моделі» залдарына экскурсия ұйымдастырып, С.Қондыбайға арналған «Жәдігер» мультанимациялық кинофильмі көрсетілді.