«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың оқу-тәрбиемен қамтылу құқықтарының жүзеге асырылуы мен оларды психологиялық-педагогикалық қолдаудағы ерекшеліктері» «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың құқықтарын қорғау, психологиялық-педагогикалық қолдау» туралы облыстық семинар

Балалар жылы аясында ағымдағы жылдың 13 мамыр күні Мұнайлы ауданы, Ш.Мұңалұлы атындағы № 5 жалпы білім беретін мектепте «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың оқу-тәрбиемен қамтылу құқықтарының жүзеге асырылуы мен оларды психологиялық-педагогикалық қолдаудағы ерекшеліктері» атты облыстық семинар өткізілді.

Семинар барысында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды ерте жастан анықтаудың ерекшелігі, әлеуметтік-мәдени оңалту , сабақ беру бағыттарында өзара іс-әжірибе алмасуда шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, жан-жақты әдістемелік көмек көрсетілді.

Сонымен қатар «Мен күннің шуағымын!» атты ерекше балалардың қатысуымен мерекелік концерт, олардың қолдарымен жасалған «Бақытыма сенемін!» атты бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды.

Семинарға жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, үкіметтік емес ұйымдардың, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдары мен арнайы білім беру ұйымдарының директорлары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, арнайы мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері қатысты.