Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен а.ж. 18 сәуір күні «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!» республикалық эссе байқауы қашықтықтан өткізілді.
Байқауға Маңғыстау облысының жалпы білім беру ұйымдарынан «Патриотизм – ұлттық рухтың символы», «Ұлттық құндылықтар», «Ана тілім - айбыным», «Рухани – мәдени мұра» бағыттары бойынша 45 білім алушы қатысып, оның 13-і төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.
«Патриотизм – ұлттық рухтың символы» бағыты бойынша:
І орын – Бекмұратқызы Перизат, Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы;
ІІ орын – Баушева Жаңылсын, Маңғыстау ауданы, Шетпе лицейінің оқушысы және Рзабек Аида, Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы;
ІІІ орын – Жандосқызы Кәусар, Маңғыстау ауданы, Шетпе лицейінің оқушысы.
«Ұлттық құндылықтар» бағыты бойынша:
І орын – Түгелбаева Айдана, Бейнеу ауданы, Сам жалпы білім беретін мектебінің оқушысы және Елеусіз Баянсұлу, Маңғыстау ауданы, Шетпе лицейінің оқушысы;
ІІ орын – Утеген Ануар, Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы;
ІІІ орын – Жаңбырбай Рзагүл, Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы және Айжарық Аружан, Маңғыстау ауданы, Шетпе лицейінің оқушысы.
«Ана тілім - айбыным» бағыты бойынша:
ІІ орын – Нұрланқызы Ляззат, Маңғыстау ауданы, Шетпе лицейінің оқушысы;
ІІІ орын – Жумакулова Аружан және Мұханбет Рамазан, Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары.
«Рухани – мәдени мұра» бағыты бойынша:
ІІ орын – Кенжебайқызы Саяжан, Түпқараған ауданы, М.Горький атындағы мектеп-лицейінің оқушысы.
Жеңімпаздар мен жетекшілерін құттықтаймыз!