«Педагогикалық озат тәжірибені таныту және тарату субьектілері» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті

«Педагогикалық озат тәжірибені таныту және тарату субьектілері» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті

2019 жылғы 11 қаңтар күні Маңғыстау туризм колледжі базасында Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Педагогикалық озат тәжірибені таныту және тарату субьектілері»(«Үздік педагог» тәжірибесі) тақырыбындағы облыстық семинар-практикум  өтті. 

Семинар-практикум мақсаты: «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Елбасының халыққа жолдауы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқыту жүйесін дамыту, педагог кәсібінің мәртебесін көтеру және шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіби қызметінде жоғары жетістіктері бар педагогтардың іс-тәжірибелерін ортаға салу, өзара пікір алмасу, озық тәжірибелерді тарату. 

Семинарға Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен колледж әдіскерлері қатысты. 

Семинар-практикумда  «Үздік педагог» байқауының  талаптары  мен  критерийлері (МО ТжКББ ОӘК директорының орынбасары К. Джантекеева), «Үздік маман - үздік педагог» портфолио дайындау әдісі (О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Р.Дыбысова ), ,«Үздік педагог-2018» тақырыбында  республикалық деңгейде қорғалу тәртібі туралы өз іс-тәжірибесімен бөлісу (О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы, «Үздік педагог-2018» атағының иегері Ф.Салқынбаева ) «Педагогтың аттесстациядан өту ережесі» (МО ТжКББ ОӘК  әдіскері Р. Утегенова)

Кездесу барысында колледж әдіскерлеріне "Үздік педагог" портфолиосын дұрыс құрастыруға, эссе жазуға әдістемелік көмек көрсетілді. Өзара тәжірибе алмасылып, атқарылып  жатқан жұмыстарға қысқаша шолу жасалып, проблемалық мәселелер бойынша  ұсыныс-пікірлер шешу жолдары  қаралып, қажетті ұсыныстар қабылданды.