«English for success» жобасын жүзеге асыру үшін өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою шарасы өтті

«English for success» жобасын жүзеге асыру үшін өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою шарасы өтті

2019 жылдың 18  қаңтары күні Маңғыстау облысының әкімдігі мен «British Council» (Британдық Кеңес) ұйымы «Теңізшевройл» ЖШС демеушілігімен «English for success» жобасын жүзеге асыру үшін өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою шарасы өтті. 

Құжатқа облыс әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеев және Қазақстан мен Орта Азиядағы Британ Кеңесінің директоры Джим Буттери қол қойды.

Шараға Лестер университетінің Ұлыбританиядағы кеңесшісі, «Теңізшевройл» ЖШС –нің үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімі бас менеджерінің орынбасары, облыстық мәслихат депутаттары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
«English for success» жобасының мақсаты облыстағы ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері мұғалімдерін ағылшын тіліне оқыту. 
Жоба аясында 172 ағылшын тілі және жаратылыстану пәні мұғалімдеріне тіл клубтары, тренингтер ұйымдастырылып, мұғалімдер мен студенттер ағылшын тілінде араласу машықтарына 2 жыл оқытылатын болады.

Нәтижесінде,  түлектер жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеріп, өлкеміздің мәртебесін арттыруға септігін тигізетін болады.

Сонымен қатар, білім басқармасы алдағы уақытта «British Council» (Британдық Кеңес) ұйымымен бірлестікте ІТ-орталықтар, құзыреттілік орталықтары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын нығайту бағытындағы біріккен жобаларды іске асыруды жоспарлауда.