"Ұлы даланың жеті қыры" облыстық семинар

"Ұлы даланың жеті қыры" облыстық семинар

Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс-қимыл жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 30 қаңтар күні Ақтау қаласы №11 МФММ базасында «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті. 

Семинардың мақсаты: Қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін ұлықтай отырып, ұлы даламыздағы ұлттық құндылықтарымыз бен қасиетті жәдігерлерімізді қайта жаңғырту. 

Елбасының мақаласының мәні мен маңыздылығын және қазақ қоғамының руханияты мен мәдениеттің көкжиегін ашқан тарихи мақала екенін Бертлеуова Анастасия Ермековна айтып өтті. Ол жас мамандарға туған жерінің тарихын терең білуге, ұлттық құндылықтарды қастерлеп, оқушылардың жан-жақты дағдыларын қалыптастыруға, отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу ұстаздарға жүктелетін міндет екенін айтты. Оқушылардың бойындағы рухани бастаудың көзін ашып және жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығарта білу керектігін түсіндірді.

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тренері Жалгасбаева Салтанат Турарбековна, №11 МФММ мұғалімдері Нурманова Жанар Танжарыковна, Конбаева Лиза Ораловна, Рысгалиева Жанат Ондыевна, Алпысбаев Бахтияр Серикович, Оралбаева Акмарал Аманкосовна, Рахимова Сауле Ракышевна, Рахова Гульмира Зиноллаевна, Асылбаева Маржан Мурзагалиевна, Максетова Гүлнұр Кадирбаевна, Озганова Райхан Туржановна өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында ашық сабақтар, шебер-сыныптар көрсетіліп, іс-тәжірибесімен бөліскен мұғалімдерге сертификаттар берілді.

Семинарға аудандық, қалалық мектептерден 70-ке жуық мұғалім қатысты.