Облыстық қашықтық сабақ

Облыстық қашықтық сабақ

Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм орталығының ұйымдастырумен Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығында «Өлкетану» оқулығы бойынша саяхат жұмыстары» тақырыбында онлайн режиміндегі облыстық деңгейде қашықтық сабағы өткізілді.

Онлайн сабаққа Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған аудандары мен Ақтау қаласынан барлығы 60-тай адам қатысты.

Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығының директоры Бусаханова Сәуле Төрткілбайқызы «Өлкетану» оқулығының үш бөліміне терең тоқталып, берілген 20 сағаттың бесеуінің мектептен тыс жерлерде аудан бойынша қалай ұйымдастырылып отырғандығы туралы айтып өтті. Аудан мектептеріне үйлестіру орталығы арқылы арнайы 20 жерге саяхат кестесі жасақталып, оқушылардың тарихи мәдени орындарға барып сабақ өтулері қадағаланып отыр. Әр мектептің «Өлкетану» оқулығына іс-қимыл жоспары жасақталып, мұғалімдерден олардың уақытылы орындалысы талап етіледі.

Ал Шетпе мектеп гимназиясының география пәні мұғалімі Елеуова Ақбала «Өлкетану» оқулығы бойынша гимназияда атқарлып отырған жұмыстарға тоқталды. Саяхат сабақтарға барушы оқушыларға арнайы тапсырмалар беріліп, мектептің өлкетану бұрышы картасы толықтырылуда. Картаға Маңғыстау өлкесінің жеті кереметі белгіленіп, олар туралы оқушыларға мәліметтер беріледі. 

Б. Жұмалиев атындағы орта мектептің музыка пәні мұғалімі Ізтұрғанов Куаныш оқулықтағы маңғыстау өнерпаздары, сазгерлері туралы тақырыптар тек шолу түрінде ұйымдастырылатыны, сағат санының жетімсіздігі  қиындық беретіндігі, көп жағдайда үйірмеге келетін оқушылармен жұмыс жүргізетіндігі туралы ортаға ой тастады.    

Сабақ:

-Өлкетану оқулығы бойынша әр аудан/қала мектептерінде арнайы саяхат сабақтарының кестесін жасақтап, бекіту;

Саяхат сабақтардан басқа қалған 15 сағат бойынша мұғалімдердің күнтізбелік жоспарын жасауға әдістемелік көмек ұйымдастыру;

«Өлкетану» оқулығы негізінде әр аудан/қала бойынша оқушылар арасында танымдық бағытта байқаулар мен сайыстар өткізу;

Мектептерді «Өлкетану» оқулығымен жеткілікті қамтамасыз ету;

Оқулықтағы Музыка сабағы материалдары бойынша жекелеген өнер қайраткерлерінің кездесулерін және сол өнер адамдарының атындағы байқауларын ұйымдастыру;

Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығының «Өлкетану» оқулығы бойынша атқарып жатырған іс-шараларын облыс мектептеріне ұсыну деген мұғалімдердің  пікірлерімен қорытындыланды.