Облыстық комиссияның кезекті отырысы

Облыстық комиссияның кезекті отырысы

2019 жылдың 19  сәуірі күні Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың  құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Облыс әкімі орынбасары  Р. К. Сәкеевтің төрағалығымен өткен отырысқа Комиссия мүшелері, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Ақтау, Жаңаөзен қалалық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларының жұмысы, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың, суицидтің алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстар, үкіметтік емес ұйымдарының балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы әлеуметтік тапсырыстардың орындалысы туралы мәселелер қаралды.

Нәтижесінде,  бір қатар тапсырмалар, оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейту, Жаңаөзен қаласының білім беру ұйымдарына облыстық басқармаларды бекіту, оқушылар арасында суицидтің алдын алу бағдарламасын іске асыру бағытындағы жұмыстарды іске асыру туралы тапсырмалар берілді.