"Тілші мұғалімдер-2017" олимпиадасы өтті

"Тілші мұғалімдер-2017" олимпиадасы өтті

Маңғыстау облысының білім басқармасының 30.01.2017ж. № 08-нқ бұйрығына сәйкес, ұстаз имиджін көтеру, әлеуметтік қолдау көрсету, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерді қолдау, педагог кәсібінің беделін арттыру мақсатында 2016 жылдың 22-23 ақпаны күндері Ақтау қаласы №17 орта мектепте тілші мұғалімдер олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға аудан, қаладан  23  мұғалім қатысты:  қазақ тілі мен әдебиетінен - 7, орыс тілі мен әдебиетінен - 8, ағылшын тілінен - 8 мұғалім.

Олимпиада теориялық және практикалық кезеңнен тұратын 2 турда жүргізілді.

Теориялық  кезең (22.02.2017ж.)

 «Менің педагогикалық идеям» презентация - 5 минут (сайысқа қатысушы мұғалім білім сапасының артуына, оқушының жан - жақты дамуына септігі тиетін тың идея, жаңалық ұсынуы керек);

Эссе жазу (250 - 300 сөз, уақыты - 45 минут, берілген 3 тақырыптың ішінен таңдаған тақырыбына жазады). Эсседе ой айтылады, ол дәлелденеді, сосын тұжырымдалады.

Шығармашылық тапсырма (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндері бойынша олимпиадалық тапсырмалар негізінде).

II тур: Практикалық  кезең (23.02.2017 ж.)

Пән бойынша тәжірибе алмасу сабағы(мұғалім 5-11 сыныптардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сәйкес мұғалімдер арасында ашық сабақ өткізілді. Сынып жеребе арқылы анықталды).

Қазылар алқасы мұғалімдердің теориялық білімдері мен кәсіби шеберліктерінің деңгейін саралай отырып, білім басқармасының дипломдарымен марапаттауға  ҰСЫНАДЫ:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша:

І орынға: Ибраева Гүлназ (Қарақия ауданы №3 орта мектеп);

ІІ орынға: Егизгараева Мереке(Облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты);

ІІІ орынға: Мұхаммедова Гулнар(Мұнайлы ауданы №3 орта мектеп);

Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша:

І орынға: Акимбаева Нафиса (Ақтау қаласы №5 орта мектеп);

ІІ орынға: Джолдасова Джумагуль(Облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты);

ІІІ орынға:Мансурова Гулмаржан(Түпқараған ауданы Форт-Шевченко мектеп-лицейі).

Ағылшын тілі пәні бойынша:

І орынға: Човдырбаева Курбанай(Жаңаөзен қаласы Жаңаөзен гимназиясы);

ІІ орынға: Жарасова Айгүл(Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты);

ІІІ орынға: Туякова Акерке(Ақтау қаласы №15 орта мектеп).

Білігі мен білімі қатар сынға түскен ұстаздардың арасынан суырылып шығып, жүлделі орындарға ие болған ұстаздарымызды құттықтаймыз!