
Ағымдағы жылдың маусым айының 1 жұлдызында Ақтау қаласында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы өнер фестивалі өткізілді.
Аталған шараға Корей этномәдени бірлестігі, облыстық кәсіподақ қоғамдық бірлестігі, үкіметтік емес ұйым өкілдері, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері мен ата -аналар және БАҚ өкілдері қатысты.
Фестиваль барысында қонақтар балалар шығармашылығынан ұйымдастырылған «Біз - Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты көрмені тамашалады.
Фестивальда 150 бала өз өнерлерін көрсетті. Әрбір қатысқан бүлдіршінге мерекелік сыйлықтар табыс етілді.



