
Ағымдағы жылдың 26 мамыры мен 1 маусым аралығында Нұр- Сұлтан қаласында өткен ХІV «Жұлдызай» балалар шығармашылығының халықаралық кезеңіне облыстан «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп –интернатынан» «Ым-ишаратпен ән айту» номинациясы бойынша Аманов Айбек, Үкібай Гүлнәр және «№2 арнайы жалпы білім беру мектебінен» «Хореография» номинациясы бойынша Көңілқос Меруерт, Зұлфухар Тұрсынай, Қонысбаева Гүлдана қатысып қайтты.
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Барыс» аренасында өткізілген фестивалдің гала-концертінде «ХІV «Жұлдызай» Халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінде жоғары денгейде өнер көрсеткені үшін» дипломдарымен марапатталып, демалыс күндерін жақсы өткізіп, қуанышты көңіл-күймен оралды.



