Орталық 17-18 маусым күндері аралығында «Саура» демалыс орынына, Түпқараған және Маңғыстау аудандарының оқушыларына 2 күндік туристік шатырлы лагерь ұйымдастырды.
Мамандарымыз бағдарламаға сәйкес, 2 күндік туристік шатырлы лагерьдің ашылуын өткізіп және қатысушыларымызды қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.
Оқушыларымыз табиғатты тамашалап, кешкі алау жанында жаңа достармен бірге әндер айтып, «Мина», «Қамал», «Қолменен футбол», «Қызыл мен Көк ту», «Эстафета» танымдық ойындарына қатысып, теңіз жағасында ұлу қабыршақтарынан естелікке қол таңба қалдырды.
Шаттығы мол шуақты күн аясындағы шатырлы лагерімізге барлығы 60 адам қамтылды. Жас туристеріміз табиғатты аялауды, демалыс орынындағы тазалықты,өмір қауіпсіздігін сақтауды және біраз танымдық білім-біліктіліктерін іс-тәжірибиеде арттырғандарын, осындай шаралардың жиі болуын және жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күйде үйлеріне қайтты.