«Мектептегі туристік-өлкетану бағытындағы жұмыстардың тәжірибесі» тақырыбында 2 күндік жүрмелі семинар өткізілді

«Мектептегі туристік-өлкетану бағытындағы жұмыстардың тәжірибесі» тақырыбында 2 күндік жүрмелі семинар өткізілді

Орталық ағымдағы жылдың 13-14 маусым күндері аралығында Білім басқармасы мен Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлескен «Балалар мен жасөспірімдер арасында туристік, өлкетану және экологиялық жұмыстарды жетілдіру туралы» №108нқ бұйрығына сәйкес, Түпқараған аудандық білім жүйесін дамыту орталығында «Мектептегі туристік-өлкетану бағытындағы жұмыстардың тәжірибесі» тақырыбында 2 күндік жүрмелі семинар өткізді.

Қатысушыларымызға Түпқараған ауданының А.М.Горький атындағы мектеп-лицейінің туристік-өлкетану бағытындағы мамандары семинар бағдарламасына сәйкес, туристік жұмыстарды  теориялық бағыт негізінде түсіндіріп және Шүйелі жеріне жаяу жорықта туристік қашықтық жұмыстарымен (аспалы өткел, параллельді өткел,маятник), далалық экспедициялық жұмыстарды ұйымдастырды.  Туристер «Квест» ойындарына қатысып, кешкі алау барысында бард әндерін орындады.

Жорыққа барлығы 25 адам қамтылды және сыннан сүрінбей өткен туристерімізге , сертификаттар табысталды.