
«Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылдың 17 қазан күні Ақтау қаласы, Туризм колледж базасында оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, отаншылдық және азаматтыққа тәрбиелеу, дарынды және талантты балаларды анықтау, геологиялық өлкетануды дамыту мақсатында облыстық «Жас геолог» байқауы өткізілді.
Байқауға аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары, яғни жалпы орта білім беру ұйымдарының барлығы 70 білім алушылары қатысты.
Облыстық байқаудың ережесіне сәйкес, қатысушылар «Мен неге-Геологпын!», «Минералогия және кристаллография»,«Петрография және пайдалы қазбалар», «Жалпы геология және инженерлік геология», «Геоэкология және Маңғыстау геоэкологиялық өлкетану», «Суреттер және тастардан түрлі бұйымдар жасау» кезеңдері бойынша жасаған жұмыстарын қорғады.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбегін 6 геологиялық бағыт бойынша бағалады:
I орын - Маңғыстау ауданы, «Азимут» тобы;
II орын - Мұнайлы ауданы «Жалын» тобы;
II орын - Түпқараған ауданы, «Түпқараған геологтары» тобы;
III орын - Жаңаөзен қаласы, «Жаңаөзен жас геологтары» тобы;
III орын - Ақтау қаласы, «Ұлу тас» тобы;
Бейнеу ауданы Болашақ тобына, Ақтау қаласы Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – интернатының «Маңғыстау» тобына, Жаңаөзен қаласы, Жаңаөзен қалалық Білім-инновация лицейінің «ЖБИЛ» тобына сертификаттар табысталды.

