Маңғыстау облысында енгізілген төтенше жағдайға байланысты call-орталық іске қосылды

Маңғыстау облысында енгізілген  төтенше жағдайға байланысты call-орталық іске қосылды
Маңғыстау облысының тұрғындары төтенше жағдай тәртібіне қатысты толғандырған кез-келген сауалын 109 нөміріне хабарласып, жолдай алады. Өңірде осы бағытта арнайы call-орталық жұмыс істеуде, деп хабарлайды облыс комендатурасы.
-Біздің міндетіміз – облыс тұрғындары өздерінің қауіпсіз екенін сезінетіндей қолайлы жағдай жасау. Төтенше жағдайдың енгізілген режиміне қатысты мәселелерін шешуге көмек көрсету үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. Халық өзін толғандырған барлық сұрақтары бойынша 109 нөмірімен іске қосылған call-орталыққа хабарласа алады, - деді Маңғыстау облысының коменданты Жанарбек Бақтыбаев.
Айта кетейік, коменданттық сағат ішінде көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда немесе тұрғын үйден тыс жерлерде жүру үшін, сондай-ақ автокөліктің жүруіне рұқсат беретін қағазды алу үшін Ақтау қаласы, 12 ш/а 80-ші - Маңғыстау облысы Полиция департаменті ғимаратында орналасқан Маңғыстау облысы комендатурасына жазбаша өтінішпен жүгіну қажет.