«СТУДЕНТТЕРДІ ТУРНИРГЕ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУ КЕРЕК?» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

«СТУДЕНТТЕРДІ ТУРНИРГЕ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУ КЕРЕК?» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

  2021 жылдың 25 қараша күні Білім берудің  оқу - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Студенттерді турнирге қалай дайындау керек?» тақырыбында онлайн семинар өтті. Колледж студенттерін дебат турниріне дайындау, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру, олардың ортада өз-өздерін ұстау мәдениетіне баулу мақсатында ұйымдастырылған  семинарға орталық директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Мамаева, тәрбие бөлімінің мамандары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дебат жетекшілері қатысты.

Семинар барысында:    

  1. Төлеген Наргиз Төлегенқызы – Есенов колледжі «Ұшқыр ой» дебат клубының жетекшісі, «Студенттерді турнирге қалай дайындау керек?» тақырыбы;
  2. Кенкараев Ербол Батырович – Қарақия кәсіптік колледжі, «Ашық ой» клубының жетекшісі, «Дебат барысында ситуациялық жағдайдан шығу жолдары» тақырыбы;
  3. Лукпанова Салтанат Аскатовна – Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі «Парасат» дебат клубының жетекшісі, «Көпшілік алдында сөз сөйлеу өнері» тақырыбы бойынша өз баяндамалары мен тренингтерін қорғады.

Семинар соңында жоспар бойынша өткізілетін дебат турнирін ұйымдастыру жұмыстарына қатысты мәселелерді талқылап, қатысушылар өз ұсыныстарын білдірді.