Білім беру ұйымдарының туризм, экология және өлкетану үйірмелерінің жетекшілері арасында облыстық «Мектеп үйірмесі – 2021» байқауы

Білім беру ұйымдарының туризм, экология және өлкетану үйірмелерінің жетекшілері арасында облыстық «Мектеп үйірмесі – 2021»  байқауы

Орталықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес, 24 қараша күні Ақтау қаласы, №19 жалпы білім беретін мектебі базасында білім беру ұйымдарының туризм, экология және өлкетану үйірмелері жетекшілерінің арасында  «Мектеп үйірмесі – 2021» облыстық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: жалпы және қосымша білім беру ұйымдарындағы туризм, экология және өлкетану үйірмелері жетекшілерінің білімдік - танымдық біліктілігін арттыру, озат  іс-тәжірибелерін тарату, тәжірибе алмасу;

Байқауға жалпы және қосымша білім беретін ұйымдардың 19 үйірме жетекшісі қатысты.

Қатысушылар ережеге сәйкес «Таныстырылым», «Үйірме сабағының бейнеролигі», «Үйірме жұмыстарының портфолиосы» номинациялары бойынша жүргізілген үйірме жұмыстарын қорғады.

Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:

«Экология» үйірмесі бойынша:

І орын – Қожахметова Нұржамал  Серікқызы, Мұнайлы ауданы, Ш.Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің үйірме жетекшісі;

ІІ орын – Абдыров Сергей, Жаңаөзен қаласы, №15 жалпы білім беретін мектебінің үйірме жетекшісі;

ІІ орын – Марченко Неля Ивановна, Ақтау қаласы, «Оқушы» орталығының үйірме жетекшісі;

ІІІ орын – Аманғалиева Мирамгүл Жаңбырбекқызы, Қарақия ауданы, Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының үйірме жетекшісі;

ІІІ орын – Оңғарбаева Гүлбану Серікбайқызы, Түпқараған ауданы, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының үйірме жетекшісі;

ІV орын – Оразғалиева Жамила Исламғалиқызы, Ақтау қаласы, М.Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің үйірме жетекшісі;

ІV орын – Сағызбаева Үмітжан Тынымбайқызы, Маңғыстау ауданы, Н.Жұбаев атындағы  жалпы білім беретін мектебінің үйірме жетекшісі.

«Туризм» үйірмесі бойынша:

ІІ орын – Боранова Алмагүл Махмұтқызы, Бейнеу ауданы, Боранқұл жалпы білім беретін мектебінің үйірме жетекшісі;

 ІІ орын – Жөнелбекова Нұргүл Құбайдуллақызы, Түпқараған ауданы, жалпы білім беретін Шахта мектебінің үйірме жетекшісі;                                                               

 ІІІ орын – Нұрланқызы Гүлсезім, Ақтау қаласы, №11 лицейінің үйірме жетекшісі;

ІV  орын – Нұрғалиева Марал Есетқызы, Жаңаөзен қаласы, №21 жалпы білім беретін мектебінің үйірме жетекшісі;

ІV  орын – Қадырханов Нұрбол Оңғарұлы, Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің үйірме жетекшісі;

«Өлкетану» үйірмесі бойынша:

І орын – Амантаев Қамбар Өтегенұлы, Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп – гимназиясының үйірме жетекшісі;

ІІ орын – Бөлекбаева Лаззат Сәуірбайқызы, Бейнеу ауданы, Боранқұл жалпы білім беретін мектебінің үйірме жетекшісі;

ІІ орын – Байгелдиева Қарлығаш Джамбулатқызы , Ақтау қаласы, С.Қондыбай атындағы   №22 мектеп-гимназиясының үйірме жетекшісі;

ІІІ орын – Мырзабек Қарлығаш Молдабекқызы, Жаңаөзен қаласы, №8 жалпы білім беретін мектебінің үйірме жетекшісі;

ІV орын – Ақниязова Фариза Аманқаирқызы, Маңғыстау ауданы, Жармыш жалпы білім беретін мектебінің үйірме жетекшісі марапатталды.