«Психикалық дамуы тежелген балаларға дидактикалық ойындар ойнату арқылы коммуникативтік қабілеттерін дамыту» тақырыбында облыстық вебинар өтті

«Психикалық дамуы тежелген балаларға дидактикалық ойындар ойнату арқылы коммуникативтік қабілеттерін дамыту» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2021 жылдың 25 қараша күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін «Психикалық дамуы тежелген балаларға дидактикалық ойындар ойнату арқылы коммуникативтік қабілеттерін дамыту» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Вебинар мақсаты: Психикалық дамуы тежелген балаларға дидактикалық ойындар ойнату арқылы білуге деген құштарлығын оятып, ауызша сөйлеуге үйрету, сөйлеу тілін дамыту және сөздік қорларын молайту. Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың озық тәжірибесімен бөлісу, алмасу.

Облыстық вебинарға аудандық, қалалық оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары, әдіскерлері, логопед, педагог-психолог мамандары қатысты.

Вебинарда Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Құлыншақ» бөбекжайының тәрбиешісі Шынғысбай Балжан Сағатбекқызы «Психикалық дамуы тежелген балаларға табиғи құралдармен дидактикалық ойындар жасау» тақырыбында мастер-класспен бөліссе, осы бөбекжайдың педагог-психолог маманы Қаржаубаева Маржан Бақтығалиқызы «Дидактикалық ойындар арқылы психикалық даму тежелген балалардың танымдық қабілеттерін дамыту» тақырыбында презентация жасап, тәжірибесімен алмасты.

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №35 «Балдырған» бөбекжайының педагог-психологы Кентанова Ляззат Қуанышкалиқызы және Дюсенова Сания Орынбайқызы «Инклюзивті білім беру принциптерін жүзеге асыру» тақырыбындағы бөбекжайішілік жобалық жұмысымен таныстырды.

Психикалық даму тежелеген балалардың сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланысты болғандықтан бала қолының ептілігін толық жетілдіру жұмысын дидактикалық ойындарды жаңа замануи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ойнату арқылы жүйелі жасалған жұмыстар арқылы нәтижелі болады.

Вебинарға қатысушылар тарапынан осындай тәжірибе алмасу вебинарларды жиі ұйымдастыруға ұсыныс берді.