18 қараша күні Yessenov университетінің «Union» жоғарғы студенттер кеңесінің бастамасымен ҚР тәуелсіздігіне 30 жыл, Yessenov университетіне 45 жыл және Халықаралық студенттер күніне орай «Ел болашағы – жігерлі жастар» атты облыстық студенттер форумы болып өтті.
Форумда Маңғыстау облысының білім басқармасы, Білім беру оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Джантекеева Кабира Кадырбекқызы, Жаңаөзен сервис және жаңа технологиялар колледжі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Юсуф Қонақбайұлы, UNION президенті Әділбек Үсенғалиев, Маңғыстау гуманитарлық колледжі студенттік парламентінің президенті Нұрланбек Нараддинов және жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту басқармасының басшысы Міржақып Бағдатұлы баяндама жасады.
Форумға Маңғыстау туризм колледжі, Қарақия кәсіптік колледжі, Маңғыстау гуманитарлық колледжі, Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі, М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі, Есенов колледжінің бір топ белсенді студенттері мен колледж басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-ұйымдастырушылары қатысты.
Жастар форумы 2 күнге созылды. Форум екі күнге жоспарланған, 19 қарашада біздің өлкеміздің студенттері мен жастарын біріктіре отырып, «Relax day» өткізілді.
Іс-шара соңында өңірдегі студент жастардың проблемалық мәселелері көтеріліп, оларды шешу мақсатында шешімдер қабылданды, сондай-ақ облыстық студенттік кеңесін құру бойынша ұсыныстар айтылды.