Хабарландыру!

Хабарландыру!

Хабарландыру!

        2021 жылғы 30 қыркүйекте ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңы негізінде облыс педагогтарының мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген облыс әкімінің «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін тағайындау бойынша конкурс комиссиясының отырысы өтті.

         Конкурсқа 12 бағыт бойынша 175 үміткер өз портфолиоларын ұсынды. Конкурс Ережесінің талаптарына сәйкес келмеген 18 қатысушының құжаттары  конкурсқа жіберілген жоқ.

Конкурстық комиссия 157 қатысушының құжаттарымен танысты:

  1. «Үздік әдістемені ұсынушы» - 21;
  2. «Ұлттық дәстүрді үздік насихаттаушы» - 6;
  3. «Үздік цифрлық технологияларды қолданушы» - 5;
  4. «Орта білім беру ұйымдарының үздік дарынды балалар жетекшісі» - 46;
  5. «Үздік жетістіктер шебері» - 21;
  6. «Ота білім беру ұйымдарындағы үздік полиглот мұғалім» - 4;
  7. «Үздік сынып жетекшісі» - 10;
  8. «Мектепке дейінгі ұйымдардың үздік педагогы» - 18;
  9. «Үздік қосымша білім беру мұғалімі» - 8;
  10. «Үздік арнайы білім беру ұйымдарының педагогы» - 3;
  11. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының үздік арнайы пән оқытушысы» - 6.
  12. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының үздік өндірістік оқыту шебері» - 9.

          Конкурстық комиссияның шешімімен 12 педагог жеңімпаз деп танылды: 

  1. «Үздік әдістемені ұсынушы» - Ажибаева Шолпан Аманжолқызы, Ақтау қаласы ІТ мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі, педагог-шебер.

 

  1. «Ұлттық дәстүрді үздік насихаттаушы» - Қазақбаев Асқар Сейсенұлы, Жаңаөзен қаласы №5 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәні мұғалімі.
  2. «Үздік цифрлық технологияларды қолданушы» - Кабакова Гүлима Рзабекқызы, Түпқараған ауданы Маршал Әбдіқалықов атындағы мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі, педагог-шебер.

 

  1. «Орта білім беру ұйымдарының үздік дарынды балалар жетекшісі» - Мухаммедова Гүлнар Қадырбайқызы – Мұнайлы ауданы №3 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер.

 

  1. «Үздік жетістіктер шебері» - Ордабаев Марат Самалайұлы, Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беретін мектебінің музыка пәні мұғалімі.

 

  1. «Ота білім беру ұйымдарындағы үздік полиглот мұғалім» - Әбілова Қанапия Дүйсекеқызы, Мұнайлы ауданы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші.

 

  1. «Үздік сынып жетекшісі» - Татиева Айнұр Аманжолқызы, Жаңаөзен қаласы №24 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі педагог-зерттеуші.

 

  1. «Мектепке дейінгі ұйымдардың үздік педагогы» - Батихова Нұржанат Тыныштыққызы, Бейнеу бөбекжайының ән-саз мұғалімі.

 

  1. «Үздік қосымша білім беру мұғалімі» - Сисембаева Алмагүл Санақбайқызы, Түпқараған ауданы Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебінің  домбыра үйірмесінің жетекшісі.

 

  1. «Үздік арнайы білім беру ұйымдарының педагогы» - Есенаманова Гүлайым Бақытжанқызы, Жаңаөзен арнайы мектебінің биология пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші.

 

  1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының үздік арнайы пән оқытушысы» - Калимова Жаннұр Бейбітқызы, Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды-техникалық колледжінің ІТ саласы бойынша арнайы пән оқытушысы.

 

  1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының үздік өндірістік оқыту шебері» - Киргинцева Наталья Николаевна, Маңғыстау туризм колледжінің «Қонақ үй шаруашылығы» мамандығының өндірістік оқыту шебері.

 

          Педагогтарды қосымша көтермелеу конкурсының Ережесіне сәйкес, жеңімпаздарға 500 мың теңге көлемінде біржолғы сыйақы қарастырылған.