Педагог отбасылар арасындағы «Туризм – салауатты өмір салты» облыстық жарысы

Педагог отбасылар арасындағы «Туризм – салауатты өмір салты»  облыстық жарысы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Халықаралық туризм» күні аясында, 29 қыркүйек күні балалар мен ата-аналарды қоршаған ортамен жақындастыру, туристік техника негіздерін үйрету, отбасылық өзара тәжірибе алмасу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында педагог отбасылар арасында облыстық «Туризм – салауатты өмір салты» жарысы өткізілді.

Жарысқа жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен  педагог ата-аналарынан құралған 6 топ қатысты.

Ережеге сәйкес қатысушылар «Таныстыру», «Бард әндері», «Туристік маршрут», «Мен турист боламын» номинациялары мен «Шынықсаң шымыр боларсың» эстафеталық кезеңдері бойынша бақтарын сынады.

  Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:

              І орын – Қарақия ауданы, жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының «Көңілді отбасы» тобы (Джанаевтар отбасы);

              ІІ орын – Ақтау қаласы, №11 лицейінің «Ақ барыс» тобы (Кусаиновтар отбасы);

              ІІ орын – Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беретін мектебінің «Эверест» тобы (Баймуратовтар отбасы);

              ІІІ орын – Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы білім беретін мектебінің «Азимут» тобы (Ақмолдаевтар отбасы);

              ІІІ орын – Маңғыстау ауданы, Жармыш білім беретін мектебінің «Жармыш» тобы (Жұмағазиевтар отбасы);

              ІV орын – Түпқараған ауданы, Шахта жалпы білім беретін мектебінің «Қыран» тобы (Танабаевтар отбасы).