«Балалар демалысын ұйымдастырудың үздік бағдарламасы» облыстық конкурсы

«Балалар демалысын ұйымдастырудың үздік бағдарламасы»  облыстық конкурсы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы  аясында,                         ҚР Білім және ғылым министрлігінің 20.05.2021 жылғы                    «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасына сәйкес, мұғалімдердің оқу демалыстары кезіндегі өткізетін білімдік-танымдық шараларының сапасын көтеру мақсатында «Балалар демалысын ұйымдастырудың үздік бағдарламасы»  облыстық конкурсы өткізілді.

Конкурс ережесінде мұғалімнің таңдау еркіне қарай авторлық бағдарламалар азаматтық-патриоттық, өлкетану, адамгершілік-рухани, отбасылық, экологиялық, тарихи-мәдени, ғылыми-техникалық, спорттық, көркем-эстетикалық, еріктілік, тарихи-өлкетану, ғылыми-эстетикалық, патриоттық бағыттары бойынша ұсынылды.                                                                  Әр аудан, қаладан конкурста барлығы 22 қатысушының 17 жұмысы (оның  15-і жеке, 2-і топтық) қаралды.

Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттауларға ҰСЫНДЫ:

I орын – А. Тулепова, Түпқараған ауданы, М. Әбдіхалықов атындағы мектеп гимназиясының өзін-өзі тану пәні мұғалімі;

ІІ орын – А. Махсотова, Мұнайлы ауданы, №14 жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі;

II орын – С. Сатаева, Маңғыстау ауданы, Т.Жалғасбайұлы атындағы жалпы білім беретін Шайыр мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

ІІІ орын – К. Таласова, Мұнайлы ауданы, №1 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі;

ІІІ орын – Р. Тәжиев, Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейінің тарих пәні мұғалімі;

ІІІ орын – Г. Мысамбаева, С. Епенова,  Қарақия ауданы, №7 жалпы білім беретін мектебінің география және тарих пәнінің мұғалімдері.