Хабарландыру

Хабарландыру

МЖӘ «Ақтау қаласындағы Жалпы білім беретін мектептерді салу және пайдалану» жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру.

            «Маңғыстау облысы білім басқармасы» ММ, МЖӘ «Ақтау қаласындағы Жалпы білім беретін мектептерді салу және пайдалану»  жобалары бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлайды:

Жобаның атауы: «Ақтау қаласындағы Жалпы білім беретін мектептерді салу және пайдалану»  

Жобаны іске асыру саласы: Жобаны орта білім беру саласында іске асыру.

МЖӘ жобасының мақсаты: Орта білім беру саласында оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында, өңірдегі халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін, Ақтау қаласында жаңа жалпы білім беретін 1200 және 1500 орындарға арналған мектептер  қажеттілігін шешу.

Осы жобаның тиісті мақсаттары мен міндеттері:

-Орта білім беру объектілерінің желісін дамыту;

-Қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 1200 және 1500 орындық заманауи жалпы білім беретін мектептерді іске асыр;

- Материалдық-техникалық саланы жақсарту;

-Оқушылардың оқу процесін ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және қамтамасыз ету;

-Үш ауысымды жұмыс режимі бар мектептер санын азайту;

-Халықаралық және Қазақстандық білім беру стандарттарын біріктіру негізінде оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету;

-Салауатты өмір салтын ұстанатын, өмір бойы оқуға қабілетті, жетекші қазақстандық және халықаралық университеттерге түсетін сауатты, патриоттық, жауапты, бес тілді, креативті және сыни ойлайтын оқушылардың функционалдық қалыптасуына ықпал ететін оқыту ортасын құру;

-білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын сапалы қамтамасыз ету;

МЖӘ «Ақтау қаласындағы Жалпы білім беретін мектептерді салу және пайдалану» объектілерінің жобалық қуаты:

Жер учаскелерінің ауданы – 1,84 га -3,28 га.

МИЖ-ді іске асыру орны: (МИЖ іске асырылатын жерді көрсетіңіз)

  • Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 17 шағын аудан
  • Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 20 шағын аудан
  • Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 33 шағын аудан.

МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі 72 ай және оданда көп, оның ішінде:

      Құрылыс кезеңі: 12 ай.

      Пайдалану кезеңі: 5 (бес) жылдан бастап.

      Жобаны салу мен іске асырудың осы мерзімдері болжамы және болжамдылығы.

      Конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке серіктестіктерге  2021 жылдың                                           21 қыркүйекке  дейін "Маңғыстау облысы білім басқармасы" ММ-не, техникалық тапсырмасына сәйкес, әзірленген техникалық ұсынысты ұсыну қажет.

     ҚР "МЖӘ туралы" Заңының 32-бабына сәйкес, оның негізінде біліктілік іріктеу жүргізілетін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды 2021 жылдың  23 тамызына дейін ұсыну қажет.

            Конкурсты ұйымдастырушының атауы:  "Маңғыстау облысы білім басқармасы" ММ.

            Контактілер деректері: Білім саласында бюджетті жоспарлау және дамыту бөлімінің басшысы Қызылғұлова Гүлбану Дүкенбаевна 8(7292) 57-12-70, электрондық пошта: g.kyzygulova@mangystau.gov.kz

 Құжаттар көшірмелерінің топтамасын сағат 09.00 дан 13.00 және 14.30-18.30 (жергілікті уақыт) дейін, ҚР, Ақтау қаласы, 3Б шағын ауданы, 52 қимарат,  1 қабат, 102 кабинеттен  алуға болады.

Құжаттар көшірмелерінің пакетін, осы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап ұсынылады.