ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Маңғыстау облысының әкімдігі 2021-2022 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары оқу орындары арасында конкурс  жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес жоғары оқу орындары мынадай құжаттарды:

1) осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының өтінімін;

2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының сауалнамасын;

3) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім береді.

 Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды, мөрмен расталады және  Маңғыстау облысының білім басқармасына қағаз, электронды түрінде жолданады.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2021 жылғы
15 шілдеден 20 шілдеге дейін, сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.

Электрондық түрдегі конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей bilim.baskarmasy@mangystau.gov.kz, k.kulataeva@mangystau.gov.kz пошталарына жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға қағаз түріндегі өтінімдер мына мекен-жайға жіберіледі: Маңғыстау облысы Ақтау қаласы 3б шағын аудан 52 ғимарат.

Байланыс телефондары: 8/7292/ 571204, 571242.