«Табиғатпен үндес мектеп» облыстық байқауы

«Табиғатпен үндес мектеп» облыстық байқауы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен білім басқармасының ұйымдастыруымен, облыстың жалпы білім беру ұйымдарындағы экологиялық  білім беру және тәлім-тәрбиенің сапасын арттыру мақсатында осы жылғы 20 мамыр күні «Табиғатпен үндес мектеп» облыстық байқауы өткізілді.

Байқауға қалалар мен аудандардан іріктелген 9 мектеп қатысты. Бірлескен комиссия мүшелері білім беру ұйымдарын аралап, ережеге сәйкес қатысушы мектептердің жұмыстарын зерделеп, 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай  төмендегі жеңімпаздарға марапаттау рәсімі өткізілді:

І дәрежелі  дипломмен және 250 000 теңге қаржылай сый ақымен - Бейнеу ауданы, «Боранқұл жалпы білім беретін мектебі»;

ІІ дәрежелі дипломмен және 200 000 теңге қаржылай сый ақымен - Қарақия ауданы, «№ 4 жалпы білім беретін мектебі»;

ІІІ дәрежелі  дипломмен және 150 000 теңге қаржылай сый ақымен - Түпқараған ауданы, «Шахта жалпы білім беретін мектебі»;

Байқауға жақсы дайындықпен қатысқаны үшін алғыс хаттары және 40 000  теңге қаржылай сый ақылар - Қарақия ауданы, «№5 жалпы білім беретін мектебіне», Мұнайлы ауданы,  «№14 жалпы білім беретін мектебіне», Ақтау қаласы, «№23 жалпы білім беретін мектебіне» табысталды.