5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай өткізілген марапаттау рәсімі

5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай өткізілген  марапаттау рәсімі

5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген рәсімде білім беру саласының қызметкерлеріне жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудегі жеткен жетістіктері үшін Құрмет грамоталары, Алғыстары табысталды.

Басқарманың Құрмет грамотасымен: Маңғыстау облысының білім жүйесіндегі экологиялық тәрбие беруде қажырлы  қайраткер О.Тоқжанов, Облыстық  балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы директоры А.Темірланова, Мұнайлы аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Демократұлы, №12 жалпы білім беретін мектеп директоры Қ.Титанов, Ш.Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп директоры Б. Спанқызы, №10 жалпы білім беретін мектеп директоры Қ.Нұрманова, сонымен қатар Бейнеу аудандық білім бөлімі оқу-әдістемелік орталығының директоры К.Давлетбаева, Боранқұл жалпы білім беретін мектеп  директоры Ұ.Бисенғалиева, Опорный жалпы білім беретін мектеп директоры Б.Табаракова, Бейнеу жалпы білім беретін мектеп директоры Б.Оразалиев және осы мектептің биология пәні мұғалімі С.Шаханова марапатталды.

Сондай-ақ, басқарманың Алғысына: Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының экология-биология бөлімінің мамандары А. Ерғалиева, Н.Рүстемова, А.Джумашева және Мұнайлы аудандық білім бөлімі оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Л.Хаирмұхамедова ие болды.