4 маусым – Рәміздер оқулары

4 маусым – Рәміздер оқулары

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.

     Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді».          

ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. 

Осы орайда, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне орай мемлекеттік рәміздерге деген құрметті насихаттау мақсатында орталық қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің отырысы Мемлекеттік гимннің орындалуымен ашылды.

Туризм-өлкетану бөлімінің әдіскері – Г. Жұлқынова «Рәміздер оқулары» тақырыбында баяндама дайындап, мемлекеттік рәміздердің әрбір қазақстандықтың алдындағы маңыздылығын атап өтті.

Ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті насихаттау жолында және мемлекетіміздің әлемдік деңгейде танылып, дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін төл нышандарымыздың атқаратын қызметі айрықша екенін айтып қорытындылады.