Ағымдағы жылдың 28 мамыр күні Маңғыстау облысы білім басқармасына бағынысты Оңалту орталығында «NurOtan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Отан-отбасынан басталады» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған шараға «NurOtan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының төрағасының орынбасары А.Исаева, Үкіметтік емес ұйымдарының, Жаңаөзен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Жаңаөзен қалалық емханасының, қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар бөлімінің, «Jas Otan» жастар қанатының және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Шара барысында ерекше эбілім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарына әлеуметтік және психологиялық қолдау бағытында кеңестер беріліп, ұсыныстары тыңдалды.