Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен а.ж. 28 мамыр күні психологтардың кәсіптік деңгейін көтеру, шығармашылық әлеуетін іске асыру, психологиялық практикалық білім алу қызметін дамыту, психологиялық білім алуды білім беру қызметінің құрамдас бөлігі ретінде насихаттауға бағытталған «Үздік психолог - 2021» байқауы онлайн режимде өтті.
Облыстық байқауға аудандық, қалалық байқау жеңімпаздарынан 3 аталым бойынша барлығы 18 педагог-психолог қатысты (Ақтау қ. – 3, Жаңаөзен қ. – 2, Мұнайлы ауданы- 3, Маңғыстау ауданы – 3, Түпқараған ауданы – 2, Бейнеу ауданы – 2, Қарақия ауданы- 3).
Байқаудың қазылар алқасының құрамы:
З. Айджанова – «Өрлеу» БАҰО Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы, пс.ғ.к;
Х. Мусрепова – «Маңғыстау гуманитарлық колледжінің» педагог-психологы;
М. Қаражанова – Есенов университетінің оқытушысы;
Г. Қартбаева – республикалық «Үздік психолог - 2020» байқауының жеңімпазы;
А. Мамаева – Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары.
Байқаудың мақсат- міндеттеріне, қатысушыларға қойылған талаптар мен бағалау критерийлеріне сәйкес төмендегідей орындарға ие болды:
3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар педагог-психологтар арасында:
І орын – Мұратбай Мөлдір (Мұнайлы ауданы, № 12 ЖББМ);
ІІ орын – Ералиева Гүлдана (Ақтау қаласы, IT мектеп-лицей);
ІІІ орын – Утепова Нұрсәуле (Жаңаөзен қаласы, № 21 ЖББМ).
3-7 жыл еңбек өтілі бар педагог психологтар арасында:
І орын – Жакенова Әсемгүл (Мұнайлы ауданы, № 1 ЖББМ);
ІІ орын – Сәттұрғанова Айдана (Ақтау қаласы, № 16 ЖББМ);
ІІІ орын – Абатова Алима (Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-гимназия).
7 жылдан жоғары еңбек өтілі бар педагог психологтар арасында:
І орын – Балымбетова Айгерім (Мұнайлы ауданы, № 11 ЖББМ);
ІІ орын – Минбасова Нұрсұлу (Ақтау қаласы, С. Қондыбаев атындағы № 22 мектеп-гимназия);
ІІІ орын – Жетібайқызы Ақдидар (Түпқараған ауданы, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназия).
Қатысушылар арасында :
«Жас психолог» номинациясы – Н. Жүгінісова (Маңғыстау ауданы Ә.Жанкелдин атындағы ЖББМ) және А. Жолдас (Қарақия ауданы № 4 ЖББМ);
«Ізденімпаз психолог» номинациясы – А. Шамгулова (Маңғыстау ауданы С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат) және Н.Сәрсен (Қарақия ауданы «Құрық жалпы білім беретін мектеп-гимназия»);
«Үздік таныстырылым» номинациясы – Ұ. Жанғалиева (Бейнеу ауданы Опорный ЖББМ) және Ж.Дузбаева (Жаңаөзен қаласы № 11 ЖББМ)
«Үздік портфолио» номинациясы – Г. Елтаева (Бейнеу ауданы С. Қалдығараев атындағы ЖББМ);
«Шығармашыл психолог» номинациясы – Ж. Досова (Қарақия ауданы № 10 ЖББМ) ие болды.
Жүлдегерлерді жеңісімен құттықтап, сәттілік тілейміз.