«Мұнайлы ауданы мектептерінің базасында экологиялық білім беруді ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбындағы облыстық семинар-кеңесі

«Мұнайлы ауданы мектептерінің базасында экологиялық білім беруді ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбындағы облыстық семинар-кеңесі

Білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету және сапалы экологиялық білім беру жүйесін құру, экологиялық бағытта үздік атанған мектептердің іс-тәжірибесімен алмасу мақсатында ағымдағы жылдың 12 мамыр күні «ZOOM» платформасы арқылы «Мұнайлы ауданының мектептері базасында экологиялық білім беруді ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбында облыстық  семинар-кеңесі өткізілді. Семинар-кеңеске аудан, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, экология саласына жауапты мамандары және облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының қызметкерлері, барлығы 100 қатысушы қамтылды. Білім басқармасының «Ақтау қалалық білім бөлімінің экологиялық білім беруді ұйымдастыру жұмыстарын зерделеу қорытындысы туралы» 2021 жылғы  9 наурыздағы №39 нқ бұйрығын орындау мақсатында өткізілген семинар-кеңесте экологиялық білім және тәрбие беруде Мұнайлы ауданының жалпы білім беру ұйымдары озық іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, №5 жалпы білім беру мектебі «Экологиялық білім берудің негізгі жолдары мен ұстанымдары», №10 жалпы білім беру мектебі «Табиғатпен үндес мектеп», №12 жалпы білім беру мектебі «Экология – табиғат жүрегі» тақырыптарында атқарып жатырған жұмыстарымен таныстырып, бейнематериалдарын көрсетті.                                                                                 Семинар-кеңес барысында Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясының директоры Г. Нұрмағанбетова: ауыл мектептеріндегі экологиялық білім және тәрбие жұмыстарын  жандандыру мақсатында орталық мамандарының тарапынан әдістемелік көмек керектігін айтты. Кеңес соңында қатысушылар Мұнайлы ауданының жалпы білім беру ұйымдарында экологиялық бағытта атқарылған жұмыстардың жақсы жолға қойылғандығын  және өз дәрежесінде ұйымдастырылғандығын тамашалай келе,  алдағы уақытта семинар-кеңес жүрмелі түрде жалғастырылса деген ұсынысын білдірді. Сонымен қатар, №5,10,12 жалпы білім беру ұйымдарының перспективалық жоспарын тәжірибе алмасу негізінде өз жұмыстарында қолдану қажет екендігін жеткізді.