Республикалық үйлестіру кеңесі

Республикалық үйлестіру кеңесі

2021 жылғы 14 сәуір күні Республикалық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен туристік-өлкетану бағытта балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым басшыларының Республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы қашықтықтан өтті. Кеңесте қосымша білім саласындағы туристік-өлкетану, экология бағытында мәселелер талқыланды. Кеңеске Республикалық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының директоры Петровна Шер Раиса және «жас туристер станциялары» мен орталық директорлары қатысты. Кеңес барысында Маңғыстау облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы директорының міндетін атқарушы Темірланова Аяжан Темірланқызы «Өлкетану жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсетілгендей, қойнауы сырға толған, мыңжылдық тарихы бар өлкемізді таныту, жәдігерлеріміз бен өңірге еңбегі сіңген ұлы тұлғалардың қызметін, шығармашылығын насихаттау орталық қызметінің басты құндылықтары болып саналатындықтан, осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы сөз қозғалды.

Үйлестіру кеңесінің қатысушылары өзекті мәселелерді талқылап, төмендегі ұсынымдарды ұсынды:

  1. 2021 жылға балалар мен жастарға арналған маршруттардың экскурсиялық және туристік карталары, өз өңірінің аумағында ұйымдастырылған балалар топтарына арналған экспедициялар мен туристік маршруттар;
  2. Туристік-өлкетану және экологиялық-биологиялық қызметті ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету жөніндегі медиапландар;
  3. Халықаралық, республикалық іс-шараларда жүлделі орындарға ие болған балалар туралы деректер базасын құру;
  4. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде аудандық, қалалық, облыстық деңгейдегі экскурсиялық-өлкетану жобаларын ұйымдастыруға, дайындауға және өткізуге, оның ішінде «Менің Отаным – Қазақстан» экспедициялық отрядтарының слетіне, «Табиғатты аяла» экологтар мен натуралистер форумына белсенді қатысуды қамтамасыз ету»;
  5. Әлеуметтік желілерде туристік-өлкетану бағытын жалпылау бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысын жандандыру (тұрақты).