МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА 4 ТОҚСАНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА 4 ТОҚСАНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Маңғыстау облысында 3 мектеп карантинге жабылды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, Ақтау қаласындағы ІТ лицейі, №7 мектеп-лицейі және Маңғыстау ауданындағы Б. Жұмалиев атындағы орта мектеп жұмысын уақытша тоқтатқан.
2021 жылдың 1 сәуірінен бастап жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқыту (пәндердің 70%-ы мектепте, 30%-ы онлайн оқытылады) жүргізілуде.
Сыныптың толымдылығы – 25 бала, сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Мектеп формасы талап етілмейді.
Айта кетейік, өңірдегі барлық 158 білім беру ұйымы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес қажетті құралдармен қамтамасыз етілді (тепловизор, санитайзер, кварц лампалары). Алдағы уақытта арнайы жабдықтарды сатып алуға қосымша қаржы қаралды.