Маңғыстау облысының Білім басқармасы мен Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі мектептердің білім сапасын көтеру мақсатында 2021-2023 жылдарға арналған біріккен кешенді жоспар құрды

Үш жылға жасалған кешенді жоспарда мектеп әкімшілігімен бірге оқушылардың білім сапасын түзету, мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, қосымша білім алатын мектеп оқушыларының ата-аналарымен жүргізілетін іс-шаралар жоспарланды.
Колледжде «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2-3 курстың студенттері мен оқытушылары кешенді жоспарға сәйкес Ақтау қаласының №5, №10 мектептерінің бастауыш сыныптарында сабақтан тыс уақытта қосымша сабақ ұйымдастыруға жіберілді.
2021 жылдың 1 наурызында студенттер мен оқытушылар мектептердің әкімшілігімен кездесті. 50 (елу) студент аталған мектептердің бастауыш сынып оқушыларынан құрылған 16 шағын топқа қосымша білім беру жұмыстарын бастап кетті.