«Өлкетану» оқулығын қолданудағы өзекті мәселелері» тақырыбындағы облыстық семинар - кеңес

«Өлкетану» оқулығын қолданудағы өзекті мәселелері» тақырыбындағы облыстық семинар - кеңес

Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы ұйымдастыруымен «Өлкетану» оқулығын қолданудағы өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

             Семинардың негізгі мақсаты - жалпы білім беру ұйымдарына туған өлкенің тарихын зерттеу, оқушының өлкетану жұмысын жүргізудегі тарихи біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіру, сол арқылы тарихнамасы мен деректерін танып білу, төтенше жағдай кезінде өлкетану сабағын қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдерін үйрету.  

Семинар-кеңеске 150 педагог қатысты.

 Семинар-кеңес өз кезегінде сұрақ-жауап арқылы мұғалімдер өз пікірін білдіре отырып, «Өлкетану» кітабымен қалай жұмыс жасау керектігін үйренді.

Семинарда Ақтау қаласы, «Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беру орта мектебі» КММ география пәнінің  мұғалімі Дүмбаев Мәулен – «Өлкетану» курсына авторлық бағдарлама жасағанын, өлкеге танымал тұлғалармен бірлесе отырып, сабақта қолданылатын бірнеше туристік маршруттар жасауды, тарихи-мәдени орындарға саяхат ұйымдастырумен қатар, бұл тақырыпта семинар – кеңестерді жиі өткізуді ұсынды.

Түпқараған ауданы, Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Абдуллаева Ақтоты – әр аудан, қала мұғалімдері өздерінің тұрғылықты жерін таныту мақсатында жекелеген жинақтар шығаруды және өзінің «Маңғыстау ауданының географиясы» кітабын шығарғанын, алайда облыс мұғалімдерінің бұл жұмыспен әлі күнге таныс емес екендігін, «Өлкетану» оқулығымен жақсы деңгейде жақсы жұмыс жүргізіп отырылғандығын айтып өтті. Жаңаөзен қаласы, № 6 жалпы білім беру орта мектебінің және мектеп- гимназиясының мұғалімдері Бекджанова Зинеп, Қуанышбаев Камбар,Тілепбаева Тоқта «Өлкетану» курсының жүрмейтіндігін және оқулықтың мектепке келмегендігін жеткізді.

Семинарды қорытындылай келе,  қатысушылар жақсы пікірін білдіріп, бұндай берері мол семинарлардың жиі өткізіліп отыруына тілек білдіріп, төмендегідей ұсыныстар қалдырды:

         - «Өлкетану» курсы бойынша саяхат сабақтардың әр аудан/қала бойынша жеке маршруттар жобасын жасақтау;

         - Сабақтан тыс уақыттарда тарихи тұлғалардың атаулы күндерін үнемі уақытылы атап өту;

         - «Өлкетану» курсын жүргізетін мұғалімдердің үздік авторлық бағдарламаларын жинақтау, іс-тәжірибелерін тарату, т.б.