Шығармашылық емтихандар аяқталды

Шығармашылық емтихандар аяқталды

2026–2027 оқу жылына шығармашылық бағыттағы мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында өңірдегі төрт колледжде қабылдау емтихандары өткізілді. Атап айтқанда, Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі, Каспий өңірі «Болашақ» колледжі, Маңғыстау өнер колледжі және Есенов колледжінде талапкерлер шығармашылық емтихан тапсырды.

Қабылдау архитектура, кескіндеме, мүсін және графика, аспаптық орындау, вокалдық өнер, хорды дирижерлау және хореография мамандықтары бойынша жүргізілді.

Шығармашылық емтихандарға 207 талапкер қатысып, оның ішінде 178 талапкер мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды. Оның:

147 талапкер – ранжирлеу қорытындысы бойынша;
31 талапкер – нысаналы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде грантқа қабылданды.

Қабылдау науқанының қорытындысы бойынша шығармашылық бағыттағы мемлекеттік білім беру тапсырысының негізгі бөлігі толық игерілді.