Маңғыстау облысында «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты конкурсының жеңімпазы анықталды.

Маңғыстау облысында «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты конкурсының жеңімпазы анықталды.

Маңғыстау облысы білім басқармасының 2026 жылғы 15 сәуірдегі №85-нқ бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 31 шілде күні «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру конкурсына (бұдан әрі – Конкурс) ұсынылған құжаттарды қарау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Аталған конкурсқа облыстың аудан, қала бойынша орта білім беру ұйымдарынан және облыстық мектептерден, барлығы 8 білім беру ұйымы қатысты.

Конкурстың комиссия құрамына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары  А. Өрісбаев, облыстық білім басқармасының басшысы            А. Кумбаев, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалының өкілі, «Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, білім беру ұйымдарының басшылары, білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директоры, педагог-психолог енгізілді.

Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығымен бекітілген бағалау критерийлеріне сәйкес, конкурстық құжаттарды қарап, ашық дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз білім беру ұйымын анықтады.

Комиссия қорытындысы бойынша білім беру сапасын арттырудағы жоғары көрсеткіштерімен, инновациялық тәжірибелерді тиімді енгізуімен және білім беру үдерісін ұйымдастырудағы үздік нәтижелерімен ерекшеленген, конкурс талаптарына толық сай келген Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының жеңімпазы атанды.

Маңғыстау облысының білім басқармасы конкурсқа қатысқан барлық білім беру ұйымдарына алғыс білдіріп, педагогикалық ұжымдарға кәсіби қызметтеріне табыс пен жаңа жетістіктер тілейді.