
Жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін 2026-2027 оқу жылына жергілікті бюджеттен бөлінетін білім беру гранттарын тағайындау бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті облыс тұрғындары, талапкерлер!
Жергілікті бюджет есебінен 2026-2027 оқу жылына конкурстық негізде жоғары білім алуға бакалавр (интернатура) мамандықтарына білім беру грантттары тағайындалды.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
1-кезең:
Тиісті құжаттарды тапсыру - ағымдағы жылғы 5-10 тамыз аралығы;
2-кезең:
Конкурс комиссиясының отырысы – ағымдағы жылғы 17-18 тамыз.
Тапсыруға міндетті құжаттар тізбесі:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
2) жалпы орта білімі туралы құжат көшірмесі (құжаттарды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа тапсыру);
3) ҰБТ сертификатының көшірмесі, студенттер үшін барлық оқыған жылдарының орта GPI балының көшірмесі, интернатураға тапсыратындарға «бакалавр» бітіргендігі жөнінде диплом көшірмесі (құжаттарды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа көрсету);
4) 075- нысаны бойынша медициналық анықтама көшірмесі (құжаттарды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа тапсыру);
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6) Көп балалы, аз қамтылған отбасы, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар екендігін дәлелдейтін құжаттар көшірмесі (болған жағдайда);
7) «Жалпы медицина» мамандығына тапсырушыларға арнаулы емтихан анықтамасы;
8) «Өнер» мамандықтарына шығармашылық емтихан нәтижесі.
Құжат қабылдау: Ш.Есенов атындағы университет, 1 қабат
Грант иегерлерінің тізімі Білім басқармасының сайтында 20 тамызға дейін жарияланады.
Білім беру грантын беру туралы куәлік ағымдағы жылғы 25 тамыздан кешіктірілмей беріледі.
Байланыс телефоны: 8/7292/ 57-12-04
1 қосымша
|
№ |
Білім беру саласының коды және сыныпталуы |
Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы |
2025-2026 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі |
|
||
|
|
||||||
|
1 |
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
6В021 Өнер |
20 (дәстүрлі музыка өнері, театр өнері, қуыршақ театры артисі, музыкалық театр режиссурасы, қуыршақ театрының режиссурасы ) |
|
||
|
6В022 Гуманитарлық ғылымдар (Дінтану және теология) |
10 |
|
||||
|
2 |
6B10 Денсаулық сақтау |
6B101 Денсаулық сақтау |
30 (бакалавр)
|
|
||
|
73 (интернатура – жергілікті бюджет есебінен оқыған студенттер үшін) |
|
|||||
|
3 |
6В11 Қызмет көрсету |
6В111 Қызмет көрсету саласы (Туризм) |
3 |
|
||
|
4 |
6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар |
6B081 Өсімдік шаруашылығы |
1 |
|
||
|
6В082 Мал шаруашылығы |
1 |
|
||||
|
6B084 Балық шаруашылығы |
9 |
|
||||
|
|
|
6B086 Су ресурстары және суды пайдалану |
5 |
|
||
|
5 |
6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
6В071 Инженерия және инженерлік іс |
3 (химиялық инженерия және процесстер, механика және металл өңдеу) |
|
|
|
|
6B072 Өндірістік және өңдеу салалары |
2 (азық-түлік өнімдерінің өндірісі, материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш) |
|
|
|||
|
6B073 Сәулет және құрылыс |
2 |
|
|
|||
|
6 |
6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика |
6B052 Қоршаған орта |
2 |
|
|
|
|
7 |
6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
2 |
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
163 |
|
|
|