
2026-2027 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен өңірге қажетті мамандықтар тізбесі анықталды
2026 жылғы 24 сәуір күні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласы бойынша 2026–2027 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілетін мемлекеттік білім беру гранттарының мамандықтар тізбесін бекіту жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Отырыстың негізгі мақсаты – өңірдің кадрлық қажеттілігін ескере отырып, сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім беру гранттарын тиімді бөлу және жастарға сапалы білім алуға қосымша мүмкіндік жасау.
2026-2027 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен бакалавриатқа - 163 грант, резидентураға - 33 гран бөлінді.
#маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырын бекіту үшін мамандықтар тізбесін жасақтау бойынша конкурстық
комиссия отырысының
№11-10/97 ХАТТАМАСЫ
Ақтау қаласы 2026 ж. 24 сәуір
Төрағалық еткен: Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А. Өрісбаев
Қатысушылар: 1-қосымшадағы тізім бойынша
Күн тәртібі:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырын бекіту үшін мамандықтар тізбесін жасақтау туралы
(А. Өрісбаев, А. Кумбаев, комиссия мүшелері)
1) Жергілікті бюджеттен өңірге қажетті жоғары білімі бар кадрларды даярлау мақсатында жасақталған мамандықтар бойынша білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілсін (мерзімі: 27.04.-25.05.2026 ж.).
2) Жергілікті бюджет есебінен оқыған жоғары оқу орындарын бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуы қамтамасыз етілсін (мерзімі: уақытында).
Төраға А. Өрісбаев
1 қосымша
Жоғары немесе жоғары білімнен кейінгі білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурстық комиссиясының құрамы
|
1. |
Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы |
- |
Облыс әкімінің орынбасары |
|
2. |
Кумбаев Амантай Ясавилұлы |
- |
Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы |
|
3. |
Матаев Жаңбырбай Жәнібекұлы |
- |
Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы |
|
4. |
Чуйшбаева Саулеш Есенқызы (қатысқан жоқ) |
- |
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының м.а. |
|
5. |
Ізбасаров Бекболат Оразбайұлы |
- |
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы |
|
6. |
Мамаева Гүлмира Қасымқызы |
- |
Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары |
|
7. |
Сали Нұртас Төребекұлы |
- |
Маңғыстау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы |
|
8. |
Балғожаева Гүлмира Қуатқызы |
- |
Маңғыстау облысы ақпарат және қоғамдық басқару басқармасының басшысы |
|
9. |
Нурканиева Камшат Ізғалиқызы |
- |
Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы |
|
10. |
Жарланов Ер-Адил Рахатович |
- |
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Маңғыстау облысы филиалының өкілі |
|
11. |
Бәймбетова Тәрбия Анайбекқызы |
- |
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымының қоғамдық бірлестігінің басшысы |
|
12. |
Ахметова Жібек Аманбайқызы (қатысқан жоқ) |
- |
Маңғыстау облысының «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі |
|
13. |
Абылдаева Айгүл Жақашқызы |
- |
«Жастар жетістіктері» қоғамдық қорының өкілі |
|
14. |
Шамшадинова Арайлым Амангелдіқызы |
- |
Маңғыстау-Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің төрағасы (бақылаушы) |
|
15. |
Құлатаева Клара Қашқынбайқызы |
- |
Маңғыстау облысы білім басқармасының бөлім басшысы, комиссия хатшысы |
2 қосымша
|
№ |
Білім беру саласының коды және сыныпталуы |
Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы |
2025-2026 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі |
|
||
|
|
||||||
|
1 |
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
6В021 Өнер |
20 (дәстүрлі музыка өнері, театр өнері, қуыршақ театры артисі, музыкалық театр режиссурасы, қуыршақ театрының режиссурасы ) |
|
||
|
6В022 Гуманитарлық ғылымдар (Дінтану және теология) |
10 |
|
||||
|
2 |
6B10 Денсаулық сақтау |
6B101 Денсаулық сақтау |
30 (бакалавр)
|
|
||
|
73 (интернатура – жергілікті бюджет есебінен оқыған студенттер үшін) |
|
|||||
|
3 |
6В11 Қызмет көрсету |
6В111 Қызмет көрсету саласы (Туризм) |
3 |
|
||
|
4 |
6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар |
6B081 Өсімдік шаруашылығы |
1 |
|
||
|
6В082 Мал шаруашылығы |
1 |
|
||||
|
6B084 Балық шаруашылығы |
9 |
|
||||
|
|
|
6B086 Су ресурстары және суды пайдалану |
5 |
|
||
|
5 |
6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
6В071 Инженерия және инженерлік іс |
3 (химиялық инженерия және процесстер, механика және металл өңдеу) |
|
|
|
|
6B072 Өндірістік және өңдеу салалары |
2 (азық-түлік өнімдерінің өндірісі, материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш) |
|
|
|||
|
6B073 Сәулет және құрылыс |
2 |
|
|
|||
|
6 |
6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика |
6B052 Қоршаған орта |
2 |
|
|
|
|
|
6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
2 |
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
163 |
|
||
|
|
Резидентура |
|
33 |
|
||