«Әдістемелік қызметтің трансформациясы: инновация, сапа, тиімділік» тақырыбында ІІІ республикалық әдіскерлер форумы өтті

«Әдістемелік қызметтің трансформациясы: инновация, сапа, тиімділік» тақырыбында ІІІ республикалық әдіскерлер форумы өтті
Бүгін, 2 сәуір күні «AIS» халықаралық мектебінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Әдістемелік қызметтің трансформациясы: инновация, сапа, тиімділік» тақырыбында ІІІ республикалық әдіскерлер форумы басталды.
 
📕 Форумның мақсаты әдістемелік орталықтардың қызметін жетілдіру бойынша өзекті мәселелерді талқылау, оларды шешу жолдарын қарастыру және әдістемелік жұмыстардың сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.
 
✅ Аталған форумға ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» орталығының директоры Дулат Аманжолов, облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, облыстық білім басқармасының қызметкерлері, облыстық орталықтардың басшылары, аудан, қала бойынша білім бөлімінің, оқу-әдістемелік орталықтарының директорлары, барлық өңірлерінен және Маңғыстау облысынан 450-ге жуық әдіскерлер мен мектеп ұстаздары қатысты.
 
🔹 Форум аясында пленарлық мәжіліспен басталып, секциялық отырыстарымен жалғасты.
 
📎 Пленарлық отырыста облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
 
✅ Жиын барысында «Әдіскердің жаңа миссиясы: деректер мен қажеттілікке негізделген қолдау», «педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамытудағы платформалардың рөлі», «тиімділік формуласы: тәжірибеден», «педагогтердің кәсіби дамуына арналған әдістемелік мүмкіндіктер», «мектепті өзгерту үшін не керек: бұйрық па, сенім бе?», тақырыптарда баяндамалар жасалды.
 
🔹 Секциялық отырыстар келесі жеті бағыт бойынша ұйымдастырылды:
1-секция: «Әдістемелік қызмет 4.0: деректерге негізделген басқару және distributed leadership»;
2-секция: «Data + AI: білім сапасын басқарудың жаңа моделі»;
3-секция: «Келешек мектептері» жобасының даму перспективалары;
4-секция: «Жасанды интеллект және цифрлық педагогика: әдіскердің жаңа құзыреттері»;
5-секция: «Тұлға қалыптастыруда ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру»;
6-секция: «Алғашқы қадамнан үлкен жетістікке»;
7-секция: «Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқытудың жаңа парадигмасы».
 
🔰 Секциялық отырыстар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, заманауи тәсілдерді талқылайды.
 
🔹 Айта кетейік, іс-шара барысында әдістемелік орталықтардың жұмысын жетілдіру жолдары қарастырылып, олардың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленеді.