Білім басқармасының жанындағы кеңес отырысы өтті

Білім басқармасының жанындағы кеңес отырысы өтті

Бүгін, 19 наурыз күні облыстық білім басқармасының жанындағы білім беру саласының өзекті мәселелеріне арналған кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысына Білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев, білім басқармасының бөлім басшылары, облыс орталықтарының басшылары, аудан, қала бойынша білім бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер мен колледж директорлары қатысты.

Кеңес барысында білім беру жүйесіндегі маңызды бағыттар қамтылды. Атап айтқанда, жасанды интеллектті оқу үдерісінде тиімді пайдалану мәселелері қарастырылып, цифрлық технологияларды енгізудің өзекті тұстары талқыланды.

Сонымен қатар, облыстық оқу-әдістемелік орталығы қызметінің негізгі бағыттары мен алдағы міндеттері сөз болды. Білім сапасын арттыру, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар сараланды.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың, суицидтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу. Бұл бағыттағы кешенді жұмыстарды күшейту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәрбиелік жұмыстарды жүйелеу мәселелері кеңінен талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауда ұстау тапсырылды.