Білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаевтың қатысуымен жиналыс өтті

Білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаевтың қатысуымен жиналыс өтті
2026 жылғы 5 наурыз күні білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаевтың қатысуымен жиналыс өтті.
Жиналысқа аудан, қала бойынша білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары және ҰБТ-ға жауапты мамандар қатысты.
 
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Қаңтар айындағы ҰБТ қорытындылары туралы;
2. Мектептерде EDUCON және тағы басқа да платформалары арқылы ҰБТ-ға дайындық жүргізу деңгейі туралы.
 
Жиын барысында қаңтар айындағы ҰБТ нәтижелері талданып, өңірдегі білім беру ұйымдарының көрсеткіштері қаралды.
 
Сонымен қатар мектептерде білім алушыларды ҰБТ-ға жүйелі дайындау, EDUCON және тағы басқа да платформаларының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар талқыланды.
 
Жиналыс қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын күшейту және білім алушылардың білім деңгейін арттыру бойынша тиісті шараларды жүзеге асыру тапсырылды.