
8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні және 22 наурыз-Наурыз мерекелері қарсаңында білім беру ұйымдарында бекітілген іс-шаралар жоспары аясында шаралар өткізілетіндігін қаперіңізге бере отырып, білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Заң талаптарын сақтау мақсатында ақша жинауға, сыйлықтар алуға т.б. тыйым салынатындығын хабарлайды.
Маңғыстау облысы білім басқармасының 2026 жылғы 2 наурыздағы №80 нқ бұйрығына сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, оның ішінде педагогтерге, қызметтік міндеттеріне байланысты сыйлықтар, ақшалай қаражат немесе өзге де материалдық тартулар жасауға (алуға) рұқсат етілмейді.
Заң талаптарына түсіністікпен қарап, қолданыстағы нормаларды қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.