Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарының төрағалығымен 11 ақпанда өткен отырыстың хаттамалық тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 16–27 ақпан аралығында өңірдегі жекеменшік мектептердің қызметіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Облыс әкімінің орынбасары бекіткен жұмыс тобының құрамына Білім басқармасының, Маңғыстау облысында білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің мамандары, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің және оқу-әдістемелік орталықтардың басшылары, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасының өкілі енгізілді.
Зерделеу барысында мектептердегі оқу-тәрбие үдерісі, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуы, педагог кадрлардың қызметі, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі, материалдық-техникалық базаның жай-күйі және өзге де бағыттар бойынша талдау жүргізілді.
Зерделеу нәтижелері бойынша қорытынды анықтама облыс әкімдігіне және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне ұсынылады.