«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңі

«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңі
​​Бүгін, 26 ақпан күні «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңі қашықтық форматында өтті.
 
​​Форумның мақсаты - Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту, балаларды қосымша біліммен қамту.
 
Форумға аудан, қалалық кезеңнен іріктеуден өткен 66 оқушының жұмысы қаралды.
 
​​Форумның қорытынды нәтижесіне сәйкес жеңімпаздар Маңғыстау облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
 
​​Аталған форумның республикалық кезеңі 2026 жылы сәуір айында өтеді.