Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне дайындық оқу-жаттығу ауысымы басталды

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне дайындық оқу-жаттығу ауысымы басталды
2026 жылдың 16–20 ақпан аралығында «Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 9–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне дайындық оқу-жаттығу ауысымы өткізілуде.
 
Оқу-жаттығу ауысымының мақсаты – оқушылардың пәндік білімдерін тереңдету, олимпиадалық тапсырмаларды орындау дағдыларын жетілдіру және республикалық кезеңге сапалы дайындықты қамтамасыз ету.
 
Аталған дайындық жұмыстары қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті және Қазақстан тарихы пәндері бойынша ұйымдастырылған.
 
Оқушылармен тәжірибелі жетекші ұстаздар - Аманжолова Зоя Сүлейменқызы, Исмагулова Альфия Куттыкадамовна, Рубилова Ақмаржан Айдарқызы жұмыс жүргізуде.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі 2026 жылдың 13 наурызы мен 21 сәуірі аралығында Қостанай, Астана, Алматы, Тараз, Шымкент және Петропавл қалаларында өтеді.
 
Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!