Маңғыстау облысында жекеменшік мектептердің өзекті мәселелері талқыланды

Маңғыстау облысында жекеменшік мектептердің өзекті мәселелері талқыланды
2026 жылдың 11 ақпан күні Президенттің тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаевтың төрағалығымен жекеменшік мектептердің өзекті мәселелеріне арналған кеңес отырысы өтті.
 
Аталған жиналысқа облыстық бюджеттік жоспарлау және экономика басқармасының, облыстық білім басқармасының өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, аудан, қала бойынша білім бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ жекеменшік мектептердің құрылтайшылары қатысты.
 
Кеңес барысында қаржы тиімділігін арттыру, заң бұзушылықтарды қысқарту және білім беру жүйесінің ашықтығын күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды.
 
Отырыс кезінде Мемлекет басшысының жекеменшік білім беру ұйымдарын мемлекеттен қаржыландыру жүйесін жетілдіру, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға мораторий енгізу, сондай-ақ мектептердің білім сапасы мен Заң талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі нақты тапсырмаларын іске асыру тетіктері қаралды.