9-11 сынып оқушыларына арналған қаржы және экономика олимпиадасының облыстық кезеңі

9-11 сынып оқушыларына арналған қаржы және экономика олимпиадасының облыстық кезеңі
Бүгін, 11 ақпан күні 9-11 сынып оқушыларына арналған қаржы және экономика олимпиадасының облыстық кезеңі JOO High School Aktau жекеменшік мектебінде өтті.
 
Олимпиадаға облыс бойынша іріктеуден өткен 20 оқушы қатысты.
 
Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, экономикалық ойлау қабілетін дамыту, дарынды жастарды анықтау және оларды қолдау.
 
Олимпиада барысында оқушылар өз білімдерін ғана емес, сонымен қатар аналитикалық ойлау, логикалық тұжырым жасау және шешім қабылдау дағдыларын көрсетті.
 
Олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар келесі кезеңге өтеді.