Маңғыстаулық студенттерге қонақүй сервисінің қыр-сырын үйрететін зертхана жасақталған

Маңғыстаулық студенттерге қонақүй сервисінің қыр-сырын үйрететін зертхана жасақталған

Маңғыстау туризм колледжінде қонақүй бизнесі мамандығының зертханасы жұмыс істейді. Мұнда студенттер оқу тәжірибесінен өтеді.

Студенттер теорияда алған білімін тәжірибе арқылы шыңдай алады. Атап айтқанда, қабылдау бөлімінде қонақтармен сөйлесу, брондау және телефон арқылы стандартқа сай диалог құру қыр-сырын үйренеді. Зертханада төрт бөлме бар. Атап айтқанда, оқу орнында «Rixos Water World», «Renaissance by Sulo», «Nur plaza» және «Grand Hotel Victory» қонақ үйінің стандарт бөлмесі орналасқан. Маңғыстау туризм колледжінің арнайы пән оқытушысы Эльвира Бисембайқызының айтуынша, зертхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

-Зертхана жатын орны, демалуға арналған ыңғайлы дивандар, теледидар мен жуынатын бөлме мен оған қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Студенттер housekeeping бөлімі, яғни үй қызметшісінің қызметін атқарады. Бөлмені күнделікті және күрделі тазалау жұмысын жүргізеді. Ары қарай қонақүй стандартына сәйкес жасалу қажет қызметтерді атқарады. Бұл мамандық бойынша жұмыс орналасайын деп отырған маманға қажетті дағдыларды үйреніп алуына таптырмас мүмкіндік, - деді Эльвира Бисембайқызы.